"Арыс бір айдың ішінде қалпына келтіріледі" - Өмірзақ Шөкеев (фото, видео)

0
2 088

Әр ауданға нақты тапсырма мен жауапкершілік жүктелді


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласының ахуалымен танысып, нақты тапсырмалар берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімі қала аумағын жаяу аралап, зақымданған үйлер мен көшелердің жағдайын білді.

Арыс қаласының ең қатты зақымданған аудандарының бірі - Көктем шағынауданы. Онда тұрғын үйлердің шатырлары мен дуалдары қираған. Осыған байланысты облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аудан басшыларына тапсырма берді.

"Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу мақсатында қала 17 секторге бөлінеді. Әр секторге бір аудан жауапты болады. Әр ауданнан жауапты 40 адам бөлініп, қала аумағына 2 қоғамдық көліктен артық кіруге рұқсат етілмейді. Олар халықты жайғастыру, берілген аумақты тазарту жұмыстарын жүргізетін болады. Сол бөлінген секторлар облыстарға да бөлінетін болады. Ал, келген жауаптылар қала аумағындағы қиранды үйлердің қалпына келтіру жұмыстарына жауап беретін болады", - деді әкім.

Сонымен қатар, Өмірзақ Шөкеев жеке кәсіпкерлердің жарылыс салдарынан қираған ғимараттары да қалпына келтірілетінін мәлімдеді.