Арыс қаласында «Өз мәртебеңді біл!» ұраны бойынша акция өтті

0
1 456

Акция барысында жоғары сынып оқушыларына АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді.


Арыс қаласында «Өз мәртебеңді біл!» ұраны бойынша акция өтті

фото: facebook.com

Шымкент қаласы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы қүрес жөніндегі орталық, СӨСҚО мамандары бірлесіп, Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Әліби Жангелдин атындағы жалпы орта мектебінің және Гуманитарлық-техникалық колледж ұжымдарымен акция өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Акция барысында жоғары сынып оқушыларына АИТВ жұқтырғандарды кемсіту мен таңбалаудың алдын алу, АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және оларға түсіністікпен қарау бойынша оқыту бейнефильмдері мен бейнероликтері көрсетілді. Сондай-ақ, АИТВ-ның шығу тарихы мен берілу жолдарына мән берілді.
Акция өткізудің мақсаты - жастар арасында АИТВ/ЖИТС туралы шынайы ақпарат бере отырып, жауапты қауіпсіз тәлімдік дағдыларын қалыптастыру және АИТВ-мен өмір сүруші адамның құқықтарына құрмет көрсетуге тәрбиелеу. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

«1988 жылдан бастап жүргізілген ЖИТС-ке қарсы шаралар айтарлықтай нәтижесін беріп келеді. Дегенмен шешілмеген мәселелер әлі де бар. Оның ішінде АИТВ, яғни адам иммун тапшылығы вирусынан сақтану, жұқтырған жағдайда қалай емделу керектігін білмейтіндер кездеседі. Егер адамнан АИТВ анықталса, ол антиретровирустық терапия қабылдауы қажет», - дейді мамандар.