Арыста «Жастар жылына» орай 2019 түп ағаш отырғызылды

0
3 678

​Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: Биылғы дәстүрлі халыққа арнаған Жолдауында келер жылды «Жастар жылы» деп бекітіп, «Болашақ ұрпақты, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеп өсіруде табиғатты сақтаудың және туған жерді құрметтеудің маңыздылығын» ерекше атап өткен болатын.


Арыста «Жастар жылына» орай 2019 түп ағаш отырғызылды

Осы орайда, Түркістан облысы, Арыс қаласындағы «Дендросаябақта» қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен 2019 жыл «Жастар жылы» аясында және 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, «Ағаш ек, гүл ек – туған жерді түлет» атты ағаш егу акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция барысында келер жылдың маңыздылығын ескере отырып, жастардың бастамасымен 2019 түп ағаш көшеттерін отырғызу жұмыстарын бастап, шара барысында ән айтып, көңілді қуантар әзілдерімен қатар қаламыздағы колледж студенттері флэшмоб ұйымдастырды.

Мұндай іс-шаралар әрбір адамның өз жеріне адалдық, туған жерге сүйіспеншілікпен қарауымен қоса, өз ортасын таза ұстауға үйретсе керек.
«Бұтақ жайған ағаш қартаймайды, ұрпақ жайған адам қартаймайды» деген нақыл сөзді ұстанған қарттар мен қала жастарының белсенділігін көрсеткен ұрпақтар сабақтастығы аясындағы мұндай игі шаралар алдағы уақытта да, жалғасын табатын болады.