​Арыстағы заманауи мектепте жатып кітап оқуға болады

0
3 922

Онда робототехника кабинеті қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілген.


​Арыстағы заманауи мектепте жатып кітап оқуға болады

Арыс қаласындағы И. Журба атындағы мектеп заманауи стильде жарақтандырылып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Мектепте ұлы ақын Абай атындағы бұрышы бар. Мұнда балалар сабақтан тыс уақытта жатып та отырып кітап оқуға жағдай жасалған.

Сондай ақ, білім ошағына kosmo.Drom компаниясы демеушілік жасап, бүкіл ішін заман талабына сай безендіріп берген. Тіпті, робототехника кабинетін қажетті құрылғылармен қамтамасыз етіпті. Ал, оkoo компаниясы балаларды оқуға арналған бағдарламалармен қамтып, оқушыларды білімін жетілдірмек.

Айта кету керек, мектеп 2013 жылы ел игілігне берілген. Ал, төтенше жағдай салдарынан білім ошағының шатыры мен ішкі құрылымы қатты зақымданыпты. Себебі, әскери аймаққа жақын орналасқандықтан, жарылыстан көп зақым алған.
Дегенмен, бүгінде жөндеу жұмыстары жасалып, бұрынғыдай қалыпты қызмет көрсетуге кіріскен. Асхана, алаң, шатыр мен барлық жүйе күрделі жөндеуден өткен. Ауласынада түрлі гүлдер егіліп, жаңарып қалғандығы байқалады. Балалар сабағын уақытылы оқып жатыр.