Арыстық шаруаларға қолдаулар мен бағдарламалар түсіндірілді

0
460

Арыстық шаруаларға қолдаулар мен бағдарламалар түсіндірілді


Арыстық шаруаларға қолдаулар мен бағдарламалар түсіндірілді

Арыс қаласының агроқұрылымдарына ауыл шаруашылығына көрсетілетін қолдаулар мен бағдарламалар түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасына сәйкес өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеніне көрсетілетін мемлекеттік қолдауларды насихаттау және кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Н.Бадырақов бастаған жұмысшы топ Арыс қаласындағы шаруалармен арнайы кездесу өткізді. Жиынға ауыл шаруашылығы басқармасы, «ҚазСуШар» мен «Тұран су» мекемелерінің басшылары, жанармай таратушы операторлар мен қаржы ұйымдарының басшылары қатысты.


Кездесуде шаруалардың дала жұмыстарына дайындығы мен мемлекеттік бағдарламалар барысы талқыланды.


Арыс қаласының тұрғындары өз тараптарынан мәселелерін көтеріп, жауапты мамандарға сұрақтарын қойды. Сонымен бірге Басқарма басшысы Н.Бадырақовтың жеке қабылдауында бірнеше шаруа көкейтесті мәселелерін қозғады.


Мемлекетік тарапынан көрсетілетін барлық қолдаулар ауыл шаруашылығы министрлігінің «Gosagro.kz» ақпараттық жүйесінде жүргізіледі. Айта кетсек, қайта өңдеуге өткізілген жәндік жүгеріні субсидиялау, жылыжайлардың жылыту шығындарын субсидиялау, сатып алынған тұқым құнын субсидиялау, тыңайтқыштардың құнын субсидиялау, пестицидтердің құнын субсидиялау, жеңілдетілген жанар-жағармайға өтінім қабылдау, ағын су құнын жеткізу қызметін субсидиялауға жұмыстары атқарылады. Сонымен қатар басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасы арқылы өнеркәсіптік және фермерлік жылыжайларға да қолдау көрсетіледі.