​"Әзірет Сұлтан" қорық-музейі 90-нан аса көрме ұйымдастырды

0
1 904

Оның ішінде музейде - 30, музейден тыс – 38, кітап көрмелері - 14 және 4 халықаралық көрмесі бар.


​

2018 жылы "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі тарихи мұралар мен тұлғалар жайлы 90-нан аса көрме өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оның ішінде музейде - 30, музейден тыс – 38, кітап көрмелері - 14 және 4 халықаралық көрмесі бар.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша қорық-музейден тыс Елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы мен қорық-музейдің 40 жылдығына орай Астана қаласында «Ұлы Дала елінің рухани жауһарлары» көрмесі, Тараз қаласында «Ұлы Даланың жазба жауһарлары» көрмесі, Петропавл қаласында екі рет «Киелі Түркістан», «Әзіреті Түркістан» көрмесі, Астана қаласындағы Ұлттық музейде «Түркістан жауһарлары» көрмесі, Алматы қаласында «Қазақстандағы ақша айналымы: көне заманнан бүгінге дейін» көрмесі, Астана қаласында «Елбасы және Түркістан» көрмесін өткізген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасындағы Өзбекстан Республикасының жылы аясында Өзбекстан Республикасы Ғылым Академиясының «Темуридтер тарихы» мемлекеттік музейі Түркістан қаласында «Тимуридтер тарихы музейінің жауһарлары» көрмесін таныстырған.

Бұл жөнінде "Әзірет Сұлтан" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Нұрболат Ахметжанов мәлімдеді.