Бәйдібек ауданында қымызмұрындық шарасы жиі өткізілуде

0
1 839

Ынтымақ ауылындағы 100 орындық жаңа мектеп қырқүйек айында пайдалануға беріледі.


Бәйдібек ауданында қымызмұрындық шарасы жиі өткізілуде

Бәйдібек ауданына қарасты Көктерек ауылында қымызмұрындық шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Іс-шара барысында зейнеткерлер қымызмұрындық іс-шарасын қолдаумен бірге ауылдың электр жарығы, көпірі, ауыз су мәселелері жайында ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жиынға арнайы қатысқан ауданның төбе биі Сағынбай Жұмановтар қоғамдық ұйымдардың қолға алған істеріне қолдау білдірді.

Көктерек ауыл округінің әкімі Нұрлан Бекжігітов ауыл-аумағында атқарылған жұмыстарға тоқталып, Ынтымақ ауылындағы 100 орындық жаңа мектеп жайының қырқүйек айында пайдалануға берілетіндігін, Бірлік ауылында ауыз су құбырларының жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтып өтті. Іс-шара соңында ардагерлер Ақмешіт үңгіріне барып, ол жердегі жағдайлармен танысты.