​Бәйдібекте Кеңес Одағының Батырына ескерткіш қойылды

0
1 438

Сонымен қатар, аталған мектепте батырды еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.


​Бәйдібекте Кеңес Одағының Батырына ескерткіш қойылды

Ел тәуелсіздігінің 27 жылдығында Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында Отанымыздың тұтастығын сақтау жолында ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтың ескерткіші ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ескерткіштің ашылу салтанатына аудан басшысы Бақытбек Танагөзов, еліміздің қоғам қайраткерлері, батырдың ұрпақтары мен аудан тұрғындары және қонақтары қатысты. Салтанатты ашылудан кейін ескерткішке гүл шоқтары қойылып, батырдың ерліктері туралы естелік әңгімелер айтылды.
Аудан бюджетінен арнайы қаржы бөлініп орнатылған Кеңес Одағының Батыры Садық Әбдіжаппаровтың ескерткіші батырдың есімімен аталатын мектептің ауласында орнатылып, айналасы абаттандырылды.
Салтанатты ашылудан кейін шараға қатысушылар мектеп өмірі мен С.Әбдіжаппаровқа арналып ұйымдастырылған көрмемен танысты. Мұнан соң мектептің акт залында арнайы ұйымдастырылған шараға қатысып, аталған мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ләззат Шәдібекованың жазған өлеңін мектеп бүлдіршіндері әдеби монтажда орындады.
Сонымен қатар, аталған мектепте батырды еске алуға арналған волейболдан турнир өтті.