Бәйдібекте мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футболдан жарыс өтті

0
2 474

футбол ойынында «Ардагер спортшы» номинациясымен Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Т.Дәрменбаев, «Үздік қақпашы» номинациясымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Беріков марапатталды.


Бәйдібекте мемлекеттік қызметкерлер арасында кіші футболдан жарыс өтті

Бәйдібек ауданында қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізіндегі «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» эстафеталық марафоны аясында мемлекеттік қызметшілер арасында кіші футболдан жарыс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жарыстың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Б.Жанғазиев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, «Адал жол» эстафеталық марафонының мәні мен мақсатын түсіндіріп, ойыншыларға сәттілік тіледі.
Кіші футболдан өткен жарысқа ауданымыздағы барлық мемлекеттік қызметшілер арасынан 8 команда қатысты.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру негізіндегі «АДАЛ ЖОЛ – ЧЕСТНЫЙ ПУТЬ» эстафеталық марафоны аясында мемлекеттік қызметшілер арасында өткен кіші футбол жарысында аудандық кәсіпкерлік, аудандық ауыл шаруашылығы, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бірінші орынды, аудандық экономика және қаржы, ішкі саясат бөлімдері екінші орынды, үшінші орынды аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ветеринария бөлімдерінен құралған топ иеленді. Сонымен қатар футбол ойынында «Ардагер спортшы» номинациясымен Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі Т.Дәрменбаев, «Үздік қақпашы» номинациясымен аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Беріков, «Үздік қорғаушы» номинациясымен аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы М.Меңлібаев, «Үздік шабуылшы» номинациясымен Ағыбет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Т.Әуелбек, «Жас спортшы» номинациясымен аудандық экономика және қаржы бөлімінің бас маманы Д.Шадияр марапатталды.
Номинация иелеріне арнайы дипломдар мен естелік сыйлықтарды аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрлыбеков табыс етті.