Бөген су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

0
4 682

1967 жылы пайдалануға берілген канал қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 760 млн. қаржы бөлініпті.


Бөген су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

Бөген су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ ақпараттық порталы shymkenttv.kz сайтына сілтеме жасап.

Ордабасы ауданының экономикалық әлеуеті артып келеді. Ауданда атқарылған ауқымды тірліктің өтеуі өлшеусіз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде ішкі аймақтық өнім көлемі – 46,5 млрд. теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда едәуір көп. Жоспарды артығымен орындаған аудан тұрғындарының еселі еңбегіне бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері көз жеткізіп, таңдай қағысты.

Ордабасы ауданында 120 мыңнан астам тұрғын бар. Жыл басынан бері бұл аймақта 2 143 сәби дүние есігін ашып, 4 733 азамат көшіп келген. Халық саны күн санап артқан ауданда ауқымды істің атқарылғаны байқалады. Шағын және орта кәсіпкерлікпен шұғылдануға бет бұрғандардың да қатары қалыңдай түсіпті. Ордабасыда 10 мыңнан астам кәсіпкерлік нысаны бар. Олардың дені – шаруа қожалықтары.

Бектай Шәмет, Бөген ауыл округінің әкімі:

- Ауылдағы шаруалардың көбі-кооперативтерге біріккен. Солар міне, осы су қоймасынан су ішіп отыр. Қазір мынау жөндеу жұмыстарынан кейін Түркістан қаласына 15 куб су беріп жатырмыз...

Бұл - Бөген ауылындағы алып су қойма. Стратегиялық маңызы бар нысан - жер емген диқандардың тіршілік көзіне айналған. 1967 жылы пайдалануға берілген канал қазір күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 млрд. 760 млн. қаржы бөлініпті.

Сәбит Нүркішов, «Жилстройиндустрия» ЖШС учаске бастығы:

- Құрылысты өткен жылы қарашада бастағанбыз. 20-желтоқсанда аятаймыз деп отырмыз. Қазір 83 адам жұмыс істеп жатыр.

Аймақтың жер көлемі - 265 561 гектар. Ұшса, құстың қанаты талатын тарихи мекеннің 104 372 гектары жері жайылымдық бағытта. 75 мың гектарында егістік алқабы бар. Қазір ауданда 5800 жер пайдаланушы бар. Егістікке 85 канал арқылы су жеткізіліп жатыр. Бұдан бөлек «Бөржар» мен «Теспе» су қоймалары да бар. Жыл басынан бері суармалы жерлердің ауқымын кеңейту мақсатында 6 канал ағымдағы жөндеуден өтті. Нәтижесінде, 1500 гектарға жуық суармалы жер айналымға қосылды.