Дархан Сатыбалды кентаулықтармен кездеседі

0
633

Кентау қаласы тұрғындарының назарына!


Дархан Сатыбалды кентаулықтармен кездеседі

Түркістан облысының әкімі Кентау қаласының тұрғындарымен кездеседі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының Кентау қаласының тұрғындарымен кездесуі 2023 жылғы 4 тамызда, сағат 11.00-де Кентау қалалық мәдениет үйінің ғимаратында (С.Бәйтереков көшесі №2) өтеді. Ал жеке қабылдауы осы ғимаратта сағат 12.00-де өтетінін хабарлаймыз!


Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533)-5-98-99, 5-79-83 байланыс телефоны және t.akimat@ontustik.gov.kz электронды почтасы арқылы 2023 жылғы 3 тамызға дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.


Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекен-жайы, байланыс телефоны және электронды почта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.