«Ел ертеңі – Жас ұлан» атты салтанатты жиын өтті

0
3 437

Ел ертеңі – жас ұландардың елін сүюі, Отанды қорғауы, патриоттық рухты сезінуіне іс-шараның берері мол болды.


«Ел ертеңі – Жас ұлан» атты салтанатты жиын өтті

Түркістан облысы Төлеби ауданының «Әңгірата» жалпы орта мектебінде өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде «Ел ертеңі – Жас ұлан» атты салтанатты жиын өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиын Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ұйымдастырылды. Ел басшысы бағдарламасында жаһандық бәсекелестік жағдайында қазақ деген халықты күллі қатерден сақтайтын рухани күш-қуаты ғана алып шыға алатынын баса көрсеткен.

Қазіргі уақытта басты міндет те, үлкен жауапкершілік те жас жеткіншектерге осы бір қағидатты бойына берік сіңіру болып табылады.

Осы орайда, Түркістан облысы Төлеби ауданының «Әңгірата» жалпы орта мектебінде балалар мен жасөспірімдер ұйымының аға тәлімгері Ұ. Жамалбаева өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде «Ел ертеңі – Жас ұлан» атты салтанатты жиын өткізді. Салтанатты жиында «Әңгірата» жалпы орта мектебінің оқушылары «Жас ұлан» ұйымына қабылданды.

Жиын барысында «Жас ұлан» ұйымының тәрбие саласындағы еңбегі мен бағыттары айқын көрсетілді. Сонымен қатар, балалар мен жасөспірімдер ұйымының аға тәлімгері Ұ. Жамалбаева оқушылардың тиянақты дайындығын көрсете білді.

Іс-шара соңында оқушылардың өнерлері тамашаланды. Ел ертеңі – жас ұландардың елін сүюі, Отанды қорғауы, патриоттық рухты сезінуіне іс-шараның берері мол болды.