Канадалық маман түркістандық дәрігерлерге шеберлік сабағын өтті

0
1 020

​Түркістан облысының дәрігерлері мен медициналық мекемелері жаңартылған шұғыл медициналық көмек көрсетуге өтуге сақадай сай.


 Канадалық маман түркістандық дәрігерлерге шеберлік сабағын өтті

"KazMedConsult" компаниясының директоры, Шұғыл медициналық көмек көрсетуді жақсарту туралы Қазақстан Республикасында көмек көрсету халықаралық сарапшылар тобының төрағасы Кевин Фрик түркістандық ақ халаттылармен жүздесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыстық клиникалық арухана базасында өткен шеберлік сыныбында канадалық маман жедел жәрдем қызметі және қабылдау бөлімін жетілдіру жолдарын үйретті.
"Елімізде 103-тің қызмет көрсету сапасы бұрынғыдан арта түсті. Көліктердің лимон түске боялуы да жедел жәрдем қызметінің жету уақытын қысқартуға септігін тигізді. Ендігі мақсат қабылдау бөлімінің жұмысын жақсарту. Жедел жәрдеммен қабылдау бөліміне келіп түскен науқастың жағдайы алдымен іріктелуі қажет. Яғни, қай пациентке бірінші кезекте көмек көрсетілу керектігін анықтап алған жөн. Шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілуі тиіс науқастарға арнайы жабдықалған бөлменің болғаны дұрыс. Яғни оларға өміріне аса қауіп төніп тұрмаған емделушілермен аралас қызмет көрсетілмеуі керек. Еліміздегі қолға алынған жаңа пилотты жоба бойынша ендігіде қабылдау бөлімдерінде науқастарды тексеретін арнайы бөлме және жауапты дәрігер болады", - дейді Кевин Фрик.
Медицина саласында 30 жылдық тәжірибесі бар Кевин Фрик облыстық клиникалық аурухананың әлеуетіне оң бағасын берді. Ол мұнда жедел-жәрдем қызмет көрсету моделін жаңғыртуға толық мүмкіндік бар екенін ерекше атап өтті. Жергілікті дәрігерлер үшін бұл шеберлік сабақ жаңа мүмкіндіктерге жол ашатыны анық.
Айта кетейік, «қабылдау бөлімі» енді жедел жәрдем бөлімшесі болып өзгертіледі. Мамандардың айтуынша бұл атау өз қызметіне сай келеді. Атауы ғана емес, ондағы қызмет те жаңаша үлгіде көрсетілмек.
Дереккөз: Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі