Қаруы болған: Түркістанда көлік пен велосипед соғысты

0
1 023

Велосипедші өзімен бірге «ТОЗ» маркалы аңшы қаруын алып жүрген.


Қаруы болған: Түркістанда көлік пен велосипед соғысты

Түркістан қаласында автокөлік пен велосипед соқтығысып, салдарынан велосипедші аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

12 қазан күні Түркістан қаласы ОЖарылқапов көшесінің бойында бір бағытта кетіп бара жатқан "ВАЗ 2107" автокөлігі мен велосипед соқтығысып қалды. Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше велосипед жүргізушісі сол жағына қарай бірден бұрылған. Көлікке қатты соқтығысқан велосипедшіні жедел жәрдем қызметі түрлі дене жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына бірден жеткен Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері тексеру нәтижесінде велосипедшінің өзімен бірге «ТОЗ» маркалы аңшы қаруын киімге орап алып жүргенін анықтаған.

Дәрігерлердің шұғыл көрсеткен медициналық көмегінен соң өзіне келген велосипедшіні тәртіп сақшылары әкімшілік жауапкершілікке тартып үлгерген.


"Велосипедші өз-өзіне толық келгеннен соң, оған қатысты қаруды тасымалдау ережесін бұзуы бойынша, ҚР ӘҚтК-нің 484-бабының 1 бөлігімен шара көріледі. Қару заңға сәйкес полиция басқармасында тіркеуде болған.
Бүгінгі таңда жол көлік оқиғасы бойынша сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысымен кінәлі тарап анықталып, тиісті құжаттар жинақталатын болады",
- деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.