​Қ.А.Ясауи кесенесінің кірпіші құйылған ауылда Әз-Наурыз тойланды

0
2 314

Шағын ауылдан 1 академик, 4 ғылым докторы мен 17 кандидат шыққан.


​Қ.А.Ясауи кесенесінің кірпіші құйылған ауылда Әз-Наурыз тойланды

Түркістан қаласына 40 шақырым орналасқан Қ.А.Ясауи кесененің кірпіші құйылған Ескі Сауран ауылында салт-дәстүрді дәріптеген Әз-Наурыз мерекесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ескі Сауран ауылының тұрғындары Әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Ұлыстың ұлы күнін жоғары деңгейде тойлауға жергілікті тұрғындарда белсенділікпен қатысты. Ал, кәсіпкерлердің қолдауымен киіз үй тігіліп, ас берілді. Алтыбақан құрылып, өнерпаз жастардың қатысуымен керемет концерттік бағдарлама өтті.

Бірлігі мен ынтымағы жарасқан ауыл тұрғындары өз күштерімен ауылдың атын жазып, арнайы арка тұрғызыпты.

Ал, ақсақалдар ауылдың құрылуы жолында айрықша еңбек еткен, жазушы Ілияс Қожабаевтың есімін ұлықтау мақсатында ауылдық мектептің атын өзгерту жөнінде ұсыныс айтты.

Ілияс Қожабаев кезінде ауылға мектеп салу бастамасын көтеріп, алғашқы кірпішін де өзі қалаған жан. Ауылдағы үлкен кішіні түгел жинап үш бөлмелі қараша үйді асар жасап үлкен білім ордасына айналдырғанын бүгінде ел ақсақаладары тамсана айтып отырады. Одан бөлек халықты рухани әлемге бағыттап, әрдайым өнер мен білімге шақырып отырған. Бүгінде саурандықтар Ілияс Қожабаевтың сара жолын аңыз етіп айтады және ел үшін жасаған ұлы ерлік істерін ешуақытта ұмытпайды.

Киіз үй ішіндегі бәтуалы басқосуда қариялар тарихи-шежірелеріден керемет мәлімет берді. Жалпы бұл ауылдың тарихы тереңде жатыр.Керей мен Жәнібек бастаған Қазақ xандығының түп тамыры Ақ Орда мемлекетінде жатқандығы және Қазақ xандығы оның тікелей мұрагері екендігі тариxтан баршаға белгілі. "Ескі Сауран" ауылы сол Ақ Орда мемлекетінің астанасы болған деседі.

Мәскеуді басып алып оны өртеген екі адам болса, соның біреуі - Ақ Орданың xаны Тоқтамыс xан, екіншісі - Наполеон Бонапарт. Сол Тоқтамыс xан осы Сауран қаласының 4 жыл билеушісі болған. Хақназар xанның сенімді нөкерлері ағайынды Қияқ пен Тұяқ батырларда осы Саураннан шыққан. Түркістандағы Қ.А.Ясауи мавзолейінің кірпіші де осы Сауран қаласында құйылып, осы жерде тасымалданған.

Бір ғана қасиеті де, киелі Ескі Сауран елді-мекенінен 1 академик, 4 ғылым докторы мен 17 кандидат шыққан және ақын, жазушы, журналист, ұлағатты ұстаз Ілияс Қожабаев сынды азаматтардың туған жері.

Мерекелік шаралар барысында бес бүлдіршіннің тұсауы кесіліп, салтанатты рәсімді атқарған бірқатар азаматтарға шапан жабылды.

Жастар беташар тойынан көрініс көрсетіп, салт-дәстүрді дәріптеді.