«КИЕЛІ МЕКЕН»: Кентауда тарихи орындарда жаппай сенбілік өтті

0
219

Тарихи орындарды тамашалауға келгендер тыныстап отыратын орындықтар мен жарық шамдар ретке келтіріліп, әрленді.


«КИЕЛІ МЕКЕН»: Кентауда тарихи орындарда жаппай сенбілік өтті

Кентау қаласы аумағында көгалдандыру, тазалау жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы «Шаммат Ишан» мешіті мен «Мыңжылдық» тұт ағашында көгалдандыру, тазалу жұмыстары жүргізілді.


«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы, «Киелі мекен» тақырыбы аясында өтіп жатқан игі шараға қала әкімі Жандос Тасов қатысып, сенбілікке атсалысты. Тарихи орында өткізілген тазалық шарасына ауыл тұрғындарынан бөлек, ауыл қариялары, ауған соғысының ардагерлері де үлес қосты.


Қала басшысы Жандос Қалмырзаұлы тарихи орындардың тазалығына аса жауапкершілікпен қарауды атап, ауыл тұрғындарын тазалыққа атсалысуға шақырды.


Сенбілікте тарихи орындардың айналасы қалың шөптерден тазартылып, талдар әктелді. Тарихи орындарды тамашалауға келгендер тыныстап отыратын орындықтар мен жарық шамдар ретке келтіріліп, әрленді.


2000 жылдық тарихи бар Қарнақ ауылындағы киелі орындарға жылда келіп, тарихымен танысушы туристердің саны артуда. Қала басшысы келген қонақтарға барлық мүмкіндіктерді жасау бойынша сала басшылары мен ауыл әкіміне бірқатар тапсырмалар берді. Тазалық науқаны өз жалғасын табады.