«КИЕЛІ МЕКЕН»: Сауран қалашығында сенбілік ұйымдастырылды

0
261

Әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда.


«КИЕЛІ МЕКЕН»: Сауран қалашығында сенбілік ұйымдастырылды

Сауран ауданында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде Сауран ауданында көгалдандыру және тазалық жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Осы ретте «Киелі мекен» апталығы аясында Сауран қалашығында сенбілік ұйымдастырылып, қоқыстардан тазартылды. Сонымен қатар, аудан орталығындағы ардагерлер аллеясының аумағында абаттандыру және тал егу жұмыстары жүргізілді. Одан бөлек, аудандағы экологиялық акция аясында әктеу сырлау, арық-атыздары тазалау жұмыстары қатар атқарылуда. Оған ауданға қарасты барлық мемлекеттік мекемелер, қоғамдық ұйымдар, мәдени орталық өкілдері, аудан тұрғындары, белсенді жастар мен еріктілер қатысуда.


Айта кетсек, Сауран қалашығының іргетасы XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде қаланған. Сауран қалашығы арқылы «Жібек жолы» өтетін болған. Тағы бір деректе XIII ғасырдың орта тұсында Сауран қалашығы Ақ Орданың астанасы болғаны жазылады. XIV ғасырдың аяғында Сауранды Әмір Темір әскери қамалға айналдырған. Сондай-ақ, Сауран қалашығы ислам дінінің Қазақстанға таралуына ықпал еткен.