"Kinopark 4 Turkistan” кинотеатры ашылды

0
886

Кәсіпкерлерге жасалған қолдау үшін алғыс білдірді.


Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов "Kinopark 4 Turkistan” кинотеатрының ресми ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Облыс орталығындағы инвестициялық жоба болып табылатын нысанның маңыздылығына тоқталған шаhар басшысы қала тұрғындарының бос уақытын қызықты өткізуде нысанның маңызы зор екенін айтып өтті. Ашылу рәсіміне Kinopark-Kinoplexx Theatres компаниясының атқарушы директоры Абдрашид Рахметов те қатысып, кәсіпкерлерге жасалған қолдау үшін алғыс білдірді.

"Қарапайым заттар экономикасы арқылы кәсіпкерлер Түркістанды дамытып, рухани шаhарымызды мақтанышымызға айналдыру үшін барын салып жатыр. Қазақстанның абыройын арттырып жатқан түрлі ірі компаниялар өкілдеріне алғыс білдіремін", - деген Рашид Абатұлы жаңа отандық киноның презентациясына қатысып, кинотеатрдың ұлттық стильдегі дизайнына ерекше бағасын берді.

“Khanshaiym Plaza" сауда орталығында орналасқан кинотеатрда бейнелеу мен дыбыс саласындағы ең озық технологиялармен жабдықталған төрт зал бар. Кинотеатрдың ерекшелігі ұлттық стильдегі қазақы ою-өрнектері бірегей ажырамас бөлігі болып табылады.

"Turkistan 4 Kinopark" кинотеатры 446 көрерменді қабылдай алады. Ол Түркістан қаласындағы бірінші кинотеатр және Қазақстан бойынша 23-кинотеатр. Компания kinopark.kz сайты негізінде билеттер мен тағамдарды онлайн сатудың жеке жүйесін, сондай-ақ, AppStore және PlayMarket-тен жүктеуге болатын Kinopark мобильді қосымшасын дамытуда. Компания киноға билетті онлайн сатып алған көрермендерге арналған QR-кодтарды оқу жүйесін әзірлеп, іске қосқан.