Көлікті аяғымен айдаған жүргізуші көпшіліктің ашуын тудырды (видео)

0
2 251

ERNUR.KZ. Шымкент-Түркістан бағытында аяғымен көлік жүргізіп, телефонға үңілген шопыр жігіт көпшіліктің ашуын тудырды. Ауыр көлікті едәуір жылдамдықпен айдап, рөлге аяғын асып қойған жігітті жанында отырған танысы телефонға түсіріп желіге жариялап жіберді.

Желі қолданушылары "Осындай ақылсыздықтан көлік апаттары орын алып, адамдар мезгілсіз өліп кетіп жатыр", "Жанында адамдар бар емес пе, өзін ойламаса да басқа жанның өмірімен ойнамасын", "Жастар ештеңеден қорықпайтын болып барады. Осындайлардың кесірінен қайғылы жағдайлар болуда", "Мұны көргендердің дәл осы әрекетті қайталамасына кім кепіл. Видеоны неліктен жариялап отыр" деген пікірлер жазып қалдыруда.