«Құдалықтан кейін демалуға барған»: Суға батып кеткен 11 адам жайлы жаңа дерек пайда болды

0
578

3 адамның денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


«Құдалықтан кейін демалуға барған»: Суға батып кеткен 11 адам жайлы жаңа дерек пайда болды

Отырар ауданында Сырдария өзнені батып кеткен адамдар жайлы дерек пайда болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізде болса, күні кеше Отырар ауданы аумағында Сырдария өзеніне түскен 11 адам суға батып кеткен болатын.


Қазіргі уақытқа дейін олардың 8-нің денесі табылып, 3-нің денесін іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.


Осы орайда әлеуметтік желіде марқұмдарға қатысты тың дерек пайда болды. Авторы белгісіз аудиохабарламада суға баып кеткеннің барлығы Айтбай деген кісінің немерелері екені айтылған.


«Оның барлығы үлкен кісілер емес. 11 бала-шаға. Олар Айтбай деген кісінің үйінде болған құдалықтан шығып, дарияға демалуға келген», - делінген бейресми ақпаратта.