Лаңкестер Қ.А.Ясауи кесенесін жармақ болған – ҰҚК

0
643

Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алған.


Лаңкестер Қ.А.Ясауи кесенесін жармақ болған – ҰҚК

ҰҚК Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі және Астанадағы террористік актілердің алдын алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ұлттық қауіпсіздік комитеті биылғы жылы екі шабуылдың алдын алыпты. Бұл туралы tengrinews.kz порталы хабарлады. Оның бірі Астанада және Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде орын алған. ҰҚК төрағасының орынбасары Руслан Сейсембаевтың айтуынша, ҰҚК Қазақстанда жыл сайын кем дегенде екі шабуылдың алдын алады.


«Биылғы жылдың өзінде ғана дайындықтың бастапқы кезеңінде Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғы, сондай-ақ Астанада жаппай жиналу орындарында қарулы шабуыл әрекеттері тоқтатылды», - деді ол Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының 40-кеңесінің ашылуында.


ҰҚК мәліметтері бойынша, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін Террористік қауіптердің қалыптасуы бірқатар басым факторлардың әсерінен орын алады.


Сарапшылардың бағалауы бойынша, соңғы үш жылда ШЫҰ мемлекеттерінде кем дегенде 80 резонанстық шабуыл жасалған. Бұл ретте осы жылы мұндай жағдайдың күрт өсуі байқалады.


«Егер 2022 жылы 18 лаңкестік шабуыл болса, 2023 жылы 47 болды. Террористердің қолынан 400-ден астам бейбіт азамат қаза тауып, 940-қа жуық адам жарақат алды. Күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарына күш қолдану әрекеттерінің жолын кесу үшін 300-ден астам терроризмге қарсы операциялар жүргізілді. 1,6 мың террорист пен олардың көмекшілері ұсталды. Билікке қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскер жойылды», - деді Руслан Сейсамбаев.