Облысты өркендету жолындағы ірі жобалар уақтылы әрі талапқа сай жүзеге асады – Ө.Шөкеев

0
494

Түркістан қаласында 200 жаңа нысан мен ғимараттың құрылысы жүріп жатыр.


Облысты өркендету жолындағы ірі жобалар уақтылы әрі талапқа сай жүзеге асады – Ө.Шөкеев

Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғаса береді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Түркістандағы «Керуен сарай», «Яссы эко вилладж» тұрғын үй кешендерін аралап, жұмысын саралады. Аталған тұрғын үйлердің құрылысы талапқа сай жүріп жатыр. Сонымен бірге Қожа Ахмет Ясауи музейі, «Қылует» мешіті, «Дарын» мектеп-интернаты, Ішкі істер департаменті, жедел жәрдем станциясы ғимараттарының құрылысын да қадағалады. Яссы көшесін абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ. Бұл әлеуметтік және рухани нысандар іске қосылған соң түркістандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлес қосатыны сөзсіз. Облыс әкімі Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығына айналдыру бағытындағы жұмыстар жалғаса беретінін жеткізді.


“Республикада біраз қиыншылықтар болды. Бірақ елдің бірлігінің және Президентіміздің батыл шешімдерінің арқасында жағдай тұрақталды. Түркістан облысында жағдай тұрақты. Өңірдегі өзекті мәселелер жіті бақылауға алынған. Қазіргі таңда Түркістан қаласында 200 жаңа нысан мен ғимараттың құрылысы жүріп жатыр. Барлық құрылыс компанияларымен жеке-жеке кездесіп, жұмыс кестесін құрып, жұмысшыларды құрылыс алаңына шығарып, жұмысты жандандырып жатырмыз. Ол нысандардың бәрі өз мерзімінде тапсырылады деп сенемін. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде өңір дамып келеді. Облысты өркендету жолындағы ірі жобалар уақтылы әрі талапқа сай жүзеге асады», – дейді облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев.