«ОЙБАЙ, ӨЛЕТІН БОЛДЫМ»: Түркістанда лифт шахтасына құлап, қаза болған зейнеткердің видеосы таралды (видео)

0
977

«Ойбай, өлетін болдым...» - дейді ауырсынған зейнеткер.


«ОЙБАЙ, ӨЛЕТІН БОЛДЫМ»: Түркістанда лифт шахтасына құлап, қаза болған зейнеткердің видеосы таралды (видео)

Түркістан қаласында лифт шахтасына құлаған азамат көз жұмды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Естеріңізде болса, осыған дейін 1949 жылы туылған азаматтың Түркістандағы тұрғынүйлердің біріндегі лифт шахтасына құлап, көз жұмғанын хабарлаған едік.


Біршама уақыт бұрын журналист Айдос Игіліков әлеуметтік желідегі парақшасына осы оқиғаға қатысты видео жариялады. Бейнебаянды марқұмның көршілері түсірген секілді.


«Апа, шыдаңыз. Қазір скорый келеді. Апау, нең бар мініп бұл жаққа? Қимылдамаңыз» - делінген видеода.


Тағы бір видеода марқұмның шахтадан тірі күйінде шығарылғаны анық байқалады.


«Ойбай, өлетін болдым...» - дейді ол видеода ауырсынған зейнеткер.


Айта кетсек, бейресми ақпарат бойынша, оқиға 13 тамыз күні сағат 19:18-де «Жаңа қала» шағынауданындағы 11 көшеде орналасқан 6/12 үйде орын алған. 1949 жылы туылған тұрғын Қ.Ахметова 3-қабаттан лифт шахтасына құлап кеткен.


Ал, 5-қабатта тұрғын үйдің лифтілерін жөндеумен айналысатын «Lift Pro servis» компаниясы жеделсатыны жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.