ОҚО-да «Қауіпсіз жол» акциясы басталды

0
1 834

ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен «Қауіпсіз жол» акциясы басталды. Шара бүгіннен бастап үш күнге созылады. Акция кезінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті назарда ұстап, бақылауды күшейтетін болады.


ОҚО-да «Қауіпсіз жол» акциясы басталды

ОҚО ІІД ЖПҚ қызметкерлерімен «Қауіпсіз жол» акциясы басталды. Шара бүгіннен бастап үш күнге созылады. Акция кезінде тәртіп сақшылары жол қозғалысы ережелерінің сақталуын жіті назарда ұстап, бақылауды күшейтетін болады. Жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілетін күндері жол полициясы бөлімшелерінің жеке құрамы күшейтілген негізде қызмет атқаратын болады. Басты мақсат - жол қозғалысы ережелерін бұзуға тыйым салу, оның талаптарын елемеген, қауіпсіздік белбеуін пайдаланбаған, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен немесе радиостанциялармен сөйлескен жүргізушілерді әшкерелеу. Сондай-ақ, апат белгілері бар автокөліктерді айқындау болып табылады.

Акция барысында автокөлікпен жолаушыларды және жүк тасымалдауды жүзеге асыруда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жаяу жүргіншілер тарапынан жасалған жол қозғалысы ережелерін бұзуды тыю мен әшкерелеуге айрықша назар аударылады. Жол қозғалысының инспекторлары автобус парктері мен автотұрақтарға, басқа да әртүрлі мекемелерге арнайы барып, жүргізушілер құрамымен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. ІІД баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, жоспарланған іс-шарада мектеп оқушылары арасында және басқа да оқу мекемелерінде өткізілетін семинарлар да өтпек.