​ОҚО-да өзбекстандық азамат өз отандасын пышақтап тастады

0
1 174

Жанжалдасып, көзі қарайған мас азамат қолындағы пышақпен отандасын бірнеше жерден жарақаттаған.


​ОҚО-да өзбекстандық азамат өз отандасын пышақтап тастады

иллюстрациялық фото: vecherka.ee

ERNUR.KZ. ОҚО да отандасын өлтірмек болған Өзбекстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Сайрам ауданының Ақсукент ауылындағы қайнап жатқан құрылыстардың бірінде өзбекстандық азаматтар арасында кикілжің туындаған. Қазақ жеріне нәпақа табуға келген құрылысшы жігіт мас халде отандасына шүйлігеді. Жанжалдасып, көзі қарайған мас азамат қолындағы пышақпен отандасын бірнеше жерден жарақаттаған. Ауруханаға жеткізілген жаралы жәбірленушінің жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалаған. Суық қарумен кісі жарақаттаған өзбекстандық қамауға алынды.

Тергеушінің талап-тілегі бойынша, Сайрам аудандық соты екі ай күзетпен бұлтарпай ұстау шарасы туралы қаулы шығарған. Істі болған өзбекстандық ОҚО аймағында уақытша тіркеуде болған, құрылыста ресми жұмыс істегені анықталған.