ОҚО: Сарыағаш екіге, Мақтарал үшке бөлінеді

0
4 120

​ Сарыағаш ауданы екі ауданға (Сарыағаш, Келес), Мақтарал ауданы бұрынғыша үш ауданға бөлінеді. Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында осы мәселелер қаралатын болады, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газеті.​


ОҚО: Сарыағаш екіге, Мақтарал үшке бөлінеді

Сарыағаш ауданы екі ауданға (Сарыағаш, Келес), Мақтарал ауданы бұрынғыша үш ауданға бөлінеді. Бүгін облыстық мәслихаттың сессиясында осы мәселелер қаралатын болады, - деп хабарлайды "Оңтүстік Қазақстан" газеті.

Айта кетейік, Сарыағаш ауданы – Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде орналасқан. 1928 жылдары Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың км². Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. Орталығы – Сарыағаш қаласы. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 311,3 мыңнан астам халық тұрады. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған.

Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында «Сарыағаш шипажайы» АҚ, «Арман», «Алтын бұлақ – Р» демалыс орындары, балалар шипажайы бар. «Алекс» ЖШС – Қазақстан – Польша бірлескен кәсіпорны, «Демеу», «Әсем-ай», «Курорт – Барс – 2030» ЖШС-тері Сарыағаш шипалы суын құятын кәсіпорындар, «Мырзакент»АҚ, «Айша бибі» ӨК – мақта тазарту завотында мақта талшығын өндіреді. «Сенім» ЖШС – тігін, тоқыма бұйымдарын шығарады. Сарыағаш. ауданында жүзім шаруашылығын өркендету үшін «Жүзім» бағдарламасы жасалынған, бұл бағытта «Қабыланбек» шарап жасайтын компаниясы, «Дербісек – Бахус» ЖШС, «Назико» ЖШС, «Ақжол» АҚ-ның шарап з-ттары, жүзім өңдейтін 6 цех жұмыс істейді. Өзбекстанмен шекаралас Жібек жолы ауылында кеден бекеті орналасқан. Аудан жерінен Шымкент – Термез Халықараралық автомобил магистралі, Орынбор – Ташкент темір жолы өтеді. Аудан аумағында аты Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге де мәлiм «Сарыағаш шипажайы» МҚК, «Алтын-Бұлақ», «Арман» санаториясы, «Ана мен бала» шипажайы сияқты 10 демалыс аймағы бар. Ауданның бiрден-бiр табиғи байлығы жер асты минералды емдiк-ас сулары болып табылады. Өнеркәсіп саласы бойынша негізінен Сарыағаш минералды су құю (28.4%) және жеңіл өнеркәсіп (24.7%) салалары бар. Атап айтқанда «Алекс» ЖШС-минералды су құю өндірісі, «Айша-Бибі» ЖШС-мақта талшықтары өндірісі, «АВК Капланбек» АШК-жоғары сапалы шарап өнімдері, «Сенім» ЖШС-жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндіреді. «Әуес», «Жылға-Агро» ЖШС-тері - бидай ұнын экспортқа шығаруда. «Дина-Н» ЖШС-құрылыс материалдарының 8 түрін шығаруда.