ОҚО жастарының арасында ерекше видео-эстафета жүр (видео)

0
1 525

​Облыстық «Жастар ресурстық орталығы»-ның басшысы Береке Дүйсебековұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру мақсатында «Атадан қалған асыл сөз» видео-эстафетасын өңірдегі белсенді жастарға жолдады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО жастарының арасында ерекше видео-эстафета жүр (видео)

Облыстық «Жастар ресурстық орталығы»-ның басшысы Береке Дүйсебековұлттық дүниетаным негіздерін қалыптастыру мақсатында «Атадан қалған асыл сөз» видео-эстафетасын өңірдегі белсенді жастарға жолдады,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Видео-эстафетасының шарты бойынша видеоның ұзақтығы 30-60 сек аралығын қамтып, «Рухани-жаңғыруды өзіңнен баста» акциясы аясында «Атадан қалған асыл сөз» видео эстафетасын кімнен қабылдап алғанын айтып, эстафетаны орындаушы өз-өзін таныстырып, өмірлік ұстанымына айналған нақыл сөзді түсіндіруі керек.

Видео-эстафетаны орындаушылар әлеуметтік парақшалар арқылы міндетті түрде#ruhanizhangyru_atadankalganasylsoz_arysjastaryдеген сияқтыхэштегтерімен салуы тиіс. Жалпы облыс бойыншарейтинг жүргізіліп, үздіктерін анықтау мақсатында әр аудан, қала, жоғары және орта арнаулы оқу орындары өзінің атауымен хештегті жалғастырады. Сонымен қатар, #videoestafeta_ontustik_zhastary, #видеоэстафета_оңтүстік_жастары хэштегтерін тегтеу/белгілеу арқылы әлеуметтік желілерге (facebook, instagram, VK, telegram) видео-эстафета жүктеліп, жолдануы тиіс.

Видео-эстафетаны орындаушы осыған дейінгі айтылған нақыл-сөздер, немесе мақал-мәтелдерді қайталамауы шарт.

Осылайша, әрбір аудан, қалалық «Жастар ресурстық орталықтары» айына кемінде 100үздік жастың видео-эстафетасын салуды ұйымдастыруы тиіс. Эстафетада өңіріміздіңспорт, білім, өнер, кәсіпкерлік, БАҚ, құқық қорғау, денсаулық сақтау салаларының белсенді үздіктері мен жастар ұйымдары, еріктілер қамтылмақ.