Өмірзақ Шөкеев карантин шектеулерінің сақталуын тексерді

0
673

Облыс басшысы құрылыс жұмыстары барысында болып, ондағы карантин шектеулерінің катаң сақталуын тексеріп шықты.


Өмірзақ Шөкеев карантин шектеулерінің сақталуын тексерді

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңірде карантин кезіндегі санитарлық талаптардың қатаң сақталуын тексеріп, Түркістан қаласындағы бірқатар нысандарды аралады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев тексеру жұмыстары барысында жауапты сала басшыларына COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында карантинді шектеу шараларын қатаң сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Әсіресе шаһардағы құрылыс алаңдарында күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істеуді талап етті. Сонымен қатар, облыс басшысы құрылыс жұмыстары барысында болып, ондағы карантин шектеулерінің катаң сақталуын тексеріп шықты.

Сондай-ақ, облыс аумағында бетперде кию тәртібі сақталады. Күшейтілген шектеулерді сақтай отырып, қонақ үйлер мен санаторийлерді қоспағанда, туризм нысандары мен бассейндер, жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынған. Өңірде монша және сауналардың жұмысы тоқтатылды. Одан бөлек, мәдениет нысандары мен мұражайлар жабылып, мектепке дейінгі барлық балалар мекемелерінің қызметі тоқтады.

Сонымен қатар, азық-түлік және азық-түлік емес жабық базарлар, автомобиль, киім-кешек, мал базарлары мен адамдар көп жиналатын басқа да нысандардың жұмысы тоқтатылып, сұлулық салондары мен шаштараз қызметіне тыйым салынды. Діни объектілердің жұмысы тоқтатылды. 65 жастан асқан адамдарға аса қажетсіз көшеге шығуы шектеліп, 14 жасқа дейінгі балалардың ересектерсіз жүруіне болмайды. 3 адамға дейін көшелерде, саябақтарда, алаңдарда, субұрқақтарда, жағалауларда, скверлерде халықтың жүруі шектеліп, қалааралық, ауданаралық жолаушылар тасымалы тоқтатылды.