ОҚО-да қарақшылық жасаған қылмыстық топты ұсталды

0
1 244

Түнде бетперде киіп келген үш қарақшы жергілікті тұрғынның отбасын қарумен қорқытып, алтын бұйымдары мен ақшасын қолды қылған.


ОҚО-да қарақшылық жасаған қылмыстық топты ұсталды

Мақтарал ауданының полицейлері былтыр желтоқсан айында қарақшылық шабуыл жасаған күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түнде бетперде киіп келген үш қарақшы жергілікті тұрғынның отбасын қарумен қорқытып, алтын бұйымдары мен ақшасын қолды қылған.

Мақтарал АІІБ 1ПБ-нің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында үш жас ер азаматты ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған. Қазіргі таңда аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.