​ОҚО командасы тоғызқұмалақтан ел чемпионы

0
2 145

Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі, ҚР тоғызқұмалақ қауымдастығы, ОҚО дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 2018 жылдың 14-20 мамыр аралығында тоғызғұмалақтан ҚР əйелдер арасындағы командалық чемпионаты өтті.


​ОҚО командасы тоғызқұмалақтан ел чемпионы

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасының мəдениет жəне спорт министрлігі, ҚР тоғызқұмалақ қауымдастығы, ОҚО дене шынықтыру жəне спорт басқармасының ұйымдастыруымен Шымкент қаласында 2018 жылдың 14-20 мамыр аралығында тоғызғұмалақтан ҚР əйелдер арасындағы командалық чемпионаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі .

Жарысқа Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда жəне Оңтүстік Қазақстан облыстарынан жалпы саны 42 спортшы қатысты.

Жарыс қортындысы мынадай:
1 - орын ОҚО.
2 - орын Ақтөбе облысы
3 - орын Павлодар облысы