ОҚО: Қытайлықтар Төле би ауданындағы мал етіне қызығып отыр

0
1 400

Одан бөлек, бақ өкілдеріне арнап өткізген брифинг барысында Төле би ауданының әкімі Кемеқалған ауылдық огругінде құс өсіру бағытында ферма салуды көзделіп отырғанын жіткізді. Фермада 12 млн басқа дейін құс өсіріледі деп жоспарланған.


ОҚО: Қытайлықтар Төле би ауданындағы мал етіне қызығып отыр

Бұл туралы ERNUR.KZ тілшісінің сауалына Төле би ауданының әкімі Бұқарбай Парманов айтып берді.

«Қытай 2 мың тонна етке тапсырыс берді. Бұл жұмысты 20 тоннадан кезең-кезеңімен жіберіп отырамыз "- деді аудан басшысы.

Одан бөлек, бақ өкілдеріне арнап өткізген брифинг барысында Төле би ауданының әкімі Кемеқалған ауылдық огругінде құс өсіру бағытында ферма салуды көзделіп отырғанын жіткізді. Фермада 12 млн басқа дейін құс өсіріледі деп жоспарланған. Құрылыс жұмыстары 2022 жылы аяқталып, жалпы 3600 адам тұрақты жұмыспен қамтылатын болады.

Жалпы, 2017 жыл 88 млрд 467, 4 мың теңге 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырған да ауданда жалпы өңірлік өнім 122, 0 пайызға артқан. Бұл жан басына шаққанда 749, 7 мың теңгені құрайды.

Аудан орталығы Ленгір қаласы 1 мөлтек ауданындағы 40 пәтерлі 5 қабатты және 20 5 қабатты 2 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек 6 мектептің құрылыс жұмыстары Бірінші Мамыр, Әл-Фараби, Жаңа Ұйым, Аршалы, М.Әуезов, Таскешу ауылдарында биыл салынып жатқан 5 мектеп қолданысқа беріледі.