Ордабасы ауданында инвестициялық 60 жоба жүзеге асырылуда

0
1 690

Аудан бойынша осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 220 млн. 500 мың теңгені құрады.


Ордабасы ауданында инвестициялық 60 жоба жүзеге асырылуда

Ордабасы ауданына 2018 жылдың 9 айында тартылған инвестиция көлемі 8 млрд. 709 млн. 300 мың теңгеге жетіп, 2017 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда аудандағы 60 инвестициялық жобаға 3 млрд 093 млн. 431 мың теңге қаралды, (10 мектеп құрылысы, 2 елді мекеннің (Боралдай, Арыстанды) су өткізшгітер тораптарының құрылысы, 3 елді мекенді (Темірлан) газбен қамтамасыз ету ішкі жүйелерімен жеткізуші желілілерінің құрылысы, Теспе, Ықыластемір елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету құрылысы, 39 нысанға ЖСҚ жасату, Темірлан ПМК аумағындағы электр желілерінің құрылысы және Шұбарсу ауыл округін электр желілерімен қамтамасыз ету құрылысы, Самал 2,3 мөлтек аудандарының инженерлік коммуникациялық желілерінің құрылысы, Бадам ауыл округі Ордабасы тарихи-мәдени қорық алаңын абаттандыру нысанының құрылысына, Бадам ауыл округінен 2 қабатты 12 пәтерлі 1 тұрғын үй, Темірлан елді мекенінен 2 қабатты 12 пәтерлі 2 тұрғын үй құрылысы).

Сонымен қатар, Ордабасы ауданының 32 елді мекендерін газдандыру құрылысына ЖСҚ әзірлеуге 50 млн. 489 мың теңге бөлінді.

Аудан бойынша осы жылдың қаңтар-қыркүйек айларында орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 220 млн. 500 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 109,9% пайыз. Сондай-ақ, 2018 жылға 52 нысанға (жол жөндеу 43 нысан, жарықтандыру 1 нысан, абаттандыру 1 нысан, 6 көпір және ЖСҚ жасату 1 нысан) қаржы қаралды.