Ońtústik телеарнасының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті

0
1 116

Облыстық телеарнаның 90 пайызы қазақ, 9,5 орыс және 0,5 пайызы өзбек тілінде эфирге шығып жатыр.


Ońtústik телеарнасының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті

Түркістанда Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ–түрік университетінің мәдениет сарайында «QAZAQSTAN» республикалық телерадиокорпорациясының облыстық филиалы — «Ońtústik» телеарнасының жаңа маусымының ашылу салтанаты өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аталған шараға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Қазақстан ұлттық телерадио корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары С.Егізбаев, Қазақстанның құрметті журналисті Б.Қонысбек және жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты М.Байғұт қатысып, телеарнаның жаңа маусымына сәттіліктер тіледі.
«Облыстық телеарнаның жаңа маусымы Түркістанда өтіп отыр. Сіздер журналистер билік пен бұқараның арасындағы алтын көпірсіздер. Түркістан облысы үшін телеарнаның маңызы ерекше. Журналистер қауымына шығармашылық табыстар тілеймін»,- деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков. Сондай-ақ ол өңірлік телеарнаның 90 пайызы қазақ, 9,5 орыс және 0,5 пайызы өзбек тілінде эфирге шығып жатқандығын да тілге тиек ете келе, телеарнаға қатысты бірқатар ұсыныстарын да назардан тыс қалдырмады.
«Телеарна жылда өз жұмысын жаңа маусыммен бастайды. Қасиетті Түркістанда басталып жатқан жаңа маусым құтты болсын. Биылғы маусым ерекше мерей тойлармен тұспа-тұс келіп отыр. Олардың арсында ел телевизиясының 60 жылдығы мен елордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойлары бар. Сонымен қатар «Тамаша» телеарнасының көрерменге жол тартуын да ерекше атап өткен ләзім»,- деді «Қазақстан» республикалық телерадио корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары С.Егізбаев.
Қазақстанның құрметті журналисті Б.Қонысбек телеарнаны облыстың айнасы халыққа 28 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келеді десе, жазушы М.Байғұт Ұлттық телеарнаның кино саласында белеске көтеріліп келе жатқанын жеткізді.