Оңтүстік полицейлері есірткі сатумен шұғылданған күдіктіні қолға түсірді.

0
1 242

Ұсталған күдіктінің жеке басын тінту барысында оның ішкі қалтасынан жалпы салмағы 18 грамм «марихуана» есірткі заты және үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде жалпы салмағы 16 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.


Оңтүстік полицейлері есірткі сатумен шұғылданған күдіктіні  қолға түсірді.

ERNUR.KZ. ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылып жан-жақты жұмыстар атқарды. Нәтижесінде Шымкент қаласының 1973 жылғы тұрғыны «марихуана» есірткі затын сатып тұрған жерінен анықталып, ұсталды,-деп хабарлайды ERNUR.KZ ОҚО ІІД Мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасына сілтеме жасап.

Ұсталған күдіктінің жеке басын тінту барысында оның ішкі қалтасынан жалпы салмағы 18 грамм «марихуана» есірткі заты және үйіне жүргізілген тексеру жұмыстары кезінде жалпы салмағы 16 грамм «марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленіп алынды.

«Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру ісі қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың ақпан айында Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІД-не белгісіз азаматтың Шымкент қаласының аумағында есірткі сатып жүргені туралы хабар келіп түскен.