Сайрамдық қасапшылар өзенді қанға бояды (видео)

0
2 012

Қарабұлақта мал соятын орыннан шыққан қалдық қан өзен арнасын ластауда.


Сайрамдық қасапшылар өзенді қанға бояды (видео)

ERNUR.KZ. Сайрам ауданына қарасты Қарабұлақ ауылында мал соятын орыннан шыққан қалдық қан өзен арнасын ластауда, деп дабыл қағады ERNUR.KZ әлеуметтік желі белсендісі Ильяс Бурхановтың жеке парақшасына сілтеме жасап.

Видеода көрсетілгендей, Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылындағы мал бауыздайтын (бойня) жерден шыққан сарқынды қан аралас су шағын су көздері арқылы Арыс өзеніне барып құяды екен.

Әлеуметтік желі белсендісінің айтуынша мұндай жағдайдың орын алғанына біраз уақыт болған көрінеді.

40 мыңнан аса халқы бар Қарабұлақ ауылдық округінде орналасқан аталған ауылда төрт түлiк бағып, семiртумен 20-ға жуық фермерлiк шаруашылық шұғылданады. Әрі, Түркістан облысындағы ең ірі ет өндірісі орталығы.

Видео Ильяс Бурхановтың жеке парақшасынан алынды