Салық төлеушілерге арналған семинар Ордабасы мен Арыста жалғасты

0
1 461

Семинар барысында, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарына Департамент қызметкерлерімен жауап берілді.


Салық төлеушілерге арналған семинар Ордабасы мен Арыста жалғасты

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлерімен салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға арналған семинарлар өткізілуі жалғасуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі департамент баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13-14 желтоқсан аралығында мұндай семинарлар Ордабасы ауданы мен Арыс қаласында өткізілді. Семинарда Департаменттің Түсіндіру жұмыс басқармасының басшысы Әлібек Лесов және Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының бас маманы Әсембек Төлепов жүргізді.

Семинарда салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қажетті заңнамалармен көзделген тақырыптар талқыланды.

Оның ішінде, ағымдағы және келесі жылдан бастап ақшалай есеп айырысулар кезінде онлайн БКМ қолдану міндеті туындайтын қызмет түрлері, интернет арқылы тауарлармен электрондық сауда жасайтын салық төлеушілерге арналған жеңілдіктер, салықтарды электронды түрде төлеу бойынша қарастырылған мүмкіндіктер, электрондық шот-фактураға тіркелудің артықшылықтары, мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу мүмкіншілігі туралы сұрақтар қамтылды.

Сонымен қатар, ауылдардың (селолардың), кенттердің, аудандық маңызы бар қалалардың деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті туралы, дара кәсіпкерлерді тіркеу және қызметін тоқтату мәселелері, жергілікті салықтарды төлеу мерзімдері бойынша және осы бағытта жедел жауап алу және бақылау-касса машинаны қолданбауға, чекті ұсынбауға қатысты салық төлеушілерге шағымдар жолдау мақсатында қосылған «WhatsApp» мессенджері туралы, 2018 ж. салық есептілігі нысандарын жасау туралы сұрақтарға да жауап берілді.

Семинарлар облыстың басқа да аудандары мен қалаларында жалғастырылады.