Сарыағаш ауданында жол патрульдік полициясын тепкілеп тастаған жүргізуші сотталды

0
1 103

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында жол патрульдік полициясына күш көрсеткен жүргізуші сотталды. Қызметтік көлікпен жол ережесін өрескел бұзған азамат бас бостандығын уақытша шектеу жазасына кесілді.

Сарыағаш аудандық №2 соттың судьясы Самал Жолмұратқызының айтуынша қызметтік көлікпен ереже бұзған жүргізушіге қатысты полицейлер хаттама толтырған. Осы кезде ашуға булыққан азамат тәртіп сақшысына күш көрсетіп, оны тепкілеп тастаған. Тергеу барысында кінәлі жүргізушінің қылмысы толығымен дәлелденді. Сот қызметтік көлікті тізгіндеп жүріп, заңбұзушылық әрекетке барған айыпталушыны Қылмыстық кодекстің 380-бабы 1-бөлігімен («Құқық қорғау органы, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің, әскери қызметшінің өміріне қолсұғушылық») кінәлі деп тапты. Оны 1,6 жыл мерзімге бас бостандығын шектеп, пробациялық бақылауда болу туралы үкім шығарды.