Сарыағашта кино апталығы өтуде

0
1 152

​Сарыағашта кино апталығының ашылу салтанаты өтті. Облыста бастау алған «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Сарыағаш ауданында жалғасты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


Сарыағашта кино апталығы өтуде

Сарыағашта кино апталығының ашылу салтанаты өтті. Облыста бастау алған «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Сарыағаш ауданында жалғасты,-деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Аудандық мәдениет сарайында «САҚ» киностудиясының «Күш атасы - Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт» анимациялық фильмдері жергілікті жұртшылыққа көрсетілді.

Оңтүстікте түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығы Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өтуде.

Аудандағы кино апталығының ашылуымен Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Қыстаубаев Құдірет Ибадуллаұлы құттықтап, тарихи ескерткіштеріміз бен тұлғаларды дәріптеуге арналған фильмдер келешегіміз үшін маңызды қадам екендігін жеткізді. Шараға аудандық ардагерлер кеңесі мен білім ұяларының басшылары, мектеп оқушылары мен аудан тұрғындарынан құралған 500-ден аса көрермен қатысты.

«Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы Сарыағаш ауданында апта бойы жалғасып, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты мәдениет үйлері мен клубтарда көрсетілетін болады. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған шара өңірдің барлық аудан-қалаларын қамтымақ.