​Шалғай ауылға ауыз су келеді

0
2 463

Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі Сарқырама ауылында ауыз су құбырының құрылысы басталды.


​Шалғай ауылға ауыз су келеді

Төлеби ауданында құбыр тартылмаған тағы бір ауылға ауыз су келеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Осы аптада Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі Сарқырама ауылында ауыз су құбырының құрылысы басталды. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарлама аясында жүзеге асып жатыр.
Сарқырамалықтардың талай жылдан бергі талап-тілегі біреу ғана еді. Ол – ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Бұрынғы су құбырлары түгелімен ескіріп, тұрғындар ауыз суды кесте бойынша белгіленген уақытта ғана ішіп келді.
Қазіргі күні мердігер «Атамекен» корпорациясы қажетті құрылыс жабдықтарын әкеліп, құрылыс жұмысын бастап кетті. Ауылға кіреберісте 200 метрлік ұңғыма қазылып, 100 текше метрлі екі су жинағыш-резервуардың құрылысы жүріп жатыр. Ұңғыма 30 жылға дейін жарамды.
Жалпы ауылда ұзындығы 12,742 шақырымды құрайтын су құбырлары тартылатын болады. Сәтін салса, жұмыстар ағымдағы жылдың қазан айында аяқталып, 1000 аса су машақатын көріп отырған тұрғындардың жанайқайы осылайша оң шешімін табатын болады.