Шардаралық 9 спортшы әлем чемпионы атанды

0
2 806

​Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары Түркияда өткен армрестлингтен 40-шы әлем чемпионатына қатысып қайтты.


Шардаралық 9 спортшы әлем чемпионы атанды

«ШАРДАРА АРМСПОРТ» клубының қол күресшілері әлемдік додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында сайысқа түсті, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Анталия қаласында жасөспірімдер,жастар,ересектер және ардагер спортшылар арасындағы жарыстар жоғары деңгейде өтті. Әлемнің 50 мемлекетінің спортшылары жиналған дода 8 күнге жалғасты.

Онда шардаралық қол күресшілер ел қоржынына 9 алтын, 4 күміс, 3 қола медаль салды. Жесімпаздардың қатарында: 1 орын - 50 кг-Жүсіп Дархан (жасөспірімдер арасында ) 55 кг-Қадыр Нұрхан (жасөспірімдер арасында) 60 кг-Сарыбай Ердәулет (жасөспірімдер арасында) 80 кг-Қаржау Есболат (жасөспірімдер арасында) 65 кг-(қыздар)-Камал Ұлбала (жасөспірімдер арасында) 60 кг-Өсербай Қыдыр (жастар арасында) 60 кг - (қыздар)-Мәлікайдар Ләззәт (ересектер арасында) 55 кг-Әбсаттар Дәурен (ересектер арасында) 65 кг-Айдархан Нұрдәулет (ересектер арасында осымен әлемнің 4 дүркін чемпионы атанды) 2 орын - 75 кг-Айтбек Бекет (жасөспірімдер арасында) +80 кг-Арапбай Азамат (жасөспірімдер арасында) 65 кг- (қыздар) -Мәлік Жұлдыз (жастар арасында) 100 кг-Тағабаев Берік (ардагерлер арасында) 3 орын - 65 кг-Пірімбет Абзал (жасөспірімдер арасында) 70 кг-Ақтаев Талғат (ересектер арасында) 110 кг -Құттымұратов Медет (ересектер арасында).

Айта кетейік, бұған дейін Шардарада 24 спортшы дүниежүзінің чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз. Олардың жетеуі екі дүркін әлем чемпиондығын жеңіп алған.