«Шымкент» каналында тазалау жұмыстары жүргізілді

0
1 515

Өткен демалыс күндері Оңтүстік Қазақстан облысында жалпыхалықтық сенбілік өтті. Облыс әкімі Ж.Түймебаев Еңбекші ауданындағы шараға арнайы қатысып, «Шымкент» су арнасының маңайын қоқыстан тазалау жұмыстарына атсалысты.

Шара барысында аймақ басшысы туған жерге деген махаббат тазалықтан басталатынын айтып, азаматтарды қаланы таза ұстауға шақырды.

«Кез-келген жұмысты тазалық пен ұқыптылықтан бастау керек. Қазір қаламызды көріктендіріп, шырайын арттыру үшін мемлекет тарапынан көптеген жұмыстар істеліп жатыр. Яғни, қомақты қаражат пен қажырлы еңбек жұмсалды деген сөз. Сондықтан қоршаған ортаны аялап, қастерлеп өту азаматтық борышымыз. Кейбіреулер бүтін тұрған жарықшамдар мен орындықтарды бүлдіріп кетіп жатады. Мәдениеті дамыған елдерде мұндай нәрсе жоқ. Олар қоқысты шашып кете бермейді, арнайы жәшіктерге салып отырады. Біздің олардан қай жеріміз кем. Сондықтан қаламызға жанашырлықпен қарайық», – деді Жансейіт Түймебаев.

Сенбілік кезінде Шымкент су арнасының 750 метр жері құрылыс материал қалдықтарынан және түрлі қоқыстан тазартылды. 1000-нан астам ағаштың түбі ақталды. Жалпы тазалық жұмыстарына 5 мыңға жуық адам мен 20-дан астам техника жұмылдырылды қатысты.

Сондай-ақ, өңір басшысы қаладағы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі