Шымкент полицейлері тұрғындарды тонауды кәсіп еткен күдіктіні ұстады

0
1 520

Бұдан бөлек, полицияға тағы бірнеше тұрғын осы мазмұндас қылмыстар орын алғаны жайлы арызданған. Қазіргі таңда күдіктінің тонау қылмысының 9 дерегіне қатысы белгілі болды.


Шымкент полицейлері тұрғындарды тонауды кәсіп еткен күдіктіні ұстады

ERNUR.KZ. Шымкент қаласы Әл-Фараби полиция бөлімінің жедел уәкілдерімен жүргізілген іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті жас жігітті қамауға алды. Ол 22 наурызы күні жергілікті тұрғынның ұялы телефонын тартып алған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұдан бөлек, полицияға тағы бірнеше тұрғын осы мазмұндас қылмыстар орын алғаны жайлы арызданған. Қазіргі таңда күдіктінің тонау қылмысының 9 дерегіне қатысы белгілі болды.

Полицейлер анықтағандай, күдікті қылмыстарды үйреншікті әдетпен іске асырған: жәбірленушілерден ақша мен ұялы телефондарды ашық түрде тартып алып отырған.

Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.