Шымкентте ​«Қазақстан Халықтарының бірлігі» күніне орай екі күндік жәрмеңке өтеді

0
2 568

Сатып алушыларға лотерея билеттері таратылып, жеңімпаздарға жәрмеңке алаңында ақшалай купондар табысталатын болады.


Шымкентте  ​«Қазақстан Халықтарының бірлігі» күніне орай екі күндік жәрмеңке өтеді

ERNUR.KZ. «Қазақстан Халықтарының бірлігі» күніне орай 28-29 сәуір күндер аралығында сағат 09:00-ден 14:00-ге дейін ОҚО әкімдігі, «Даму» қоры, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы және «Ырыс» микроқаржы ұйымының ұйымдастыруымен қазақстандық тауар өндірушілері – «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасы қатысушыларының жәрмеңкесі өтеді. Бұл туралы ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жәрмеңкеде төмен бағадағы тауарлар, ет және сүт өнімдері, жеміс-жидек, көкөністер, қолөнер бұйымдары сатылымға қойылады. Сондай-ақ, сатып алушыларға лотерея билеттері таратылып, жеңімпаздарға жәрмеңке алаңында ақшалай купондар табысталатын болады.