​Шымкентте бүкіл бір отбасын қырып салған қылмыскер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

0
3 084

Жалғызбасты әйелді екі ұлымен қоса өлтіріп боп, үйден 50 мың теңге, марқұм болған ағалы-інілінің 2 мобильді телефонын және компьютерін алып кеткен.


​Шымкентте бүкіл бір отбасын қырып салған қылмыскер оқиғаның қалай болғанын айтып берді

ERNUR.KZ. Шымкентте бүкіл бір отбасы мүшелерін тапа тал түсте түгел қырып тастаған күдіктіүшеуді қалай өлтіргенін айтып берді. Мұнша өшігуінің басты себебі марқұм болған әйелдің 22 жастағы ұлының сотталушыға қарызы екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Соталушының сөзіне қарағанда, күндізгі 14.00 шамасында досының үйіне келген. Дарбаза есігін үйдің кіші ұлы 13 жасар Денис ашқан. Ойында ештеңе жоқ жасөспірім ағасының арампиғылды досын үйіне кіргізген. Сотталушы жылқының темір мүсінін алып, жасөспірімнің басынан бірнеше рет ұрған. Аямай ұрғылағаны соншалық, 13 жасар бала сұлап түседі. Құлап жатқан баланың басына пакет кигізіп, мойын тұсын скотчпен жабыстырып қояды. Сөйтіп жасөспірімді қылқындырған.Қаны әбден қарайып алған сотталушы баланы өлтіріп тынып, денесін диванның артына тығып қойған.

Мұнымен қоймай, келесі құрбанын күткен. Жұмыстан қайтқан 50 жастағы Марияны да сол мүсіншемен ұрып құлатады. Әбден денесі жансызданып қалғанша ұрғанын тоқтатпайды.Марияны өлтіргеніне көзі жеткен күдікті жансыз денені бөлменің сол бұрышындағы диванға жатқызып, үстіне көрпе жауып қойған. Сөйтіп жалғызбасты ананың үлкен ұлын күткен. Өзімен бірге компьютерлік ойындар ойнап, әбден құмар ойынына дендеген досы жарты сағат өтер-өтпесте қамсыз үйге кіріп келген. Оны да бастан ұрып өлтіреді. Жалғызбасты әйелді екі ұлымен қоса өлтіріп боп, үйден 50 мың теңге, марқұм болған ағалы-інілінің 2 мобильді телефонын және компьютерін алып кеткен.

Ақпан айында елді шулатқан бұл іс материалдары қазір Оңтүстік Қазақстан мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қарала басталды.