Шымкентте халыққа наурыз көже таратылады

0
1 393

Жәрмеңкеде 40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарады. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністер.


Шымкентте халыққа наурыз көже таратылады

17 наурыз күні сағат 10:00-де «ОҢТҮСТІК» аймақтық инвестициялық орталығы» ғимаратының алдында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай жәрмеңке өтеді.

Аталған жәрмеңкеде тек қана «ОҢТҮСТІК» АИО және «Ырыс» микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылған тауар өндірушілері өз өнімдерін нарықтан төмен бағада ұсынатын болады.

Жәрмеңкеде 40 шақты кәсіпкер өз тауарларын нарықтан төмен бағамен сатылымға шығарады. Олардың ішінде азық-түлік: ет және сүт өнімдері, балық және шұжық өнімдері, жеміс-жидектер мен көкөністер. Одан бөлек, жеңіл өнеркәсіптік тауарлар, қолдан жасалған бұйымдар, сондай-ақ балалар үшін ойыншықтар да бар.

Сонымен қатар, жәрмеңкеде ойын-сауықтар мен мерекелік дастархан ұйымдастырылып, халыққа наурыз көже таратылатын болады.