Шымкентте əуе шарларының фестивалі өтеді

0
1 497

Фестиваль барысында əр елдің (Қазақстан, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан) əуе шарларын ұшыру жоспарлануда.


Шымкентте əуе шарларының фестивалі өтеді

24 наурыз күні Наурыз мерекесі аясында Шымкент қаласында «ASHYQ ASPAN» əуе шарларының Халықаралық фестивалі өтеді.
Фестиваль барысында əр елдің (Қазақстан, Украина, Түркия, Ресей, Қырғызстан, Грузия, Өзбекстан) əуе шарларын ұшыру жоспарлануда.
Шарларды ұшырумен қатар, түрлі шеберлік сабақтары, аэронавигация бойынша тəжірибелі ұшқыштардан тəжірибе алмасып, ұтыстар ойнатылады, флешмоб, фото түсірілімдер болады деп күтілуде.
Сонымен қатар, өздеріңізді нағыз гондольфер сезінуге де мүмкіндік болады. 50-100 м биіктікке ұшуға болады (қызмет ақылы).
Ал кешке барлық қонақтарды "Түнгі шамдардың шеруі" күтеді. Фестиваль мерекелік отшашу жəне би кешімен аяқталады.