Шымкенттегі ірі сауда орталығында өрт қауіпсіздігін пысықтайтын жаттығу басталды (фото, видео)

0
2 965

Бүгін 30 наурызда "Shymkent Plaza" сауда -ойын сауық орталығында шартты түрдегі өрт сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығуы басталды, -деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шара ОҚО ТЖД "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің жоспарына сәйкес ұйымдастырылған.

Адамдар көп жиналатын орындарда, құрылыс жұмыстары күрделі жоспарланған ғимаратта шартты түрдегі өрт сөндіру жұмыстары жүріп жатыр.

Оқу-жаттығуға 12 өрт сөндіру техникасы, ОҚО ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің офицерлік құрамы, ОҚО Төтенше жағдайлар департаментінің және Шымкент қалалық төтенше жағдайлар басқармасының, апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері, жедел медициналық көмек бригадасы мен жол-патрульдік қызметі жұмылдырылды.

Жаттығу барысында құзырлы қызмет арасында оқыс оқиғалар кезіндегі іс-әрекеттер үйлесімділігі пысықталып, азаматтарға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілетін болады. (Жалғасы бар)

видео