Созақ ауданында жатақхана жанып кетті

0
1 215

Түркістан облысы, Созақ ауданындағы "Волков геологиялық-барлау экспедициясы" ЖШС-інің жатақханасы жанып кетті.


Созақ ауданында жатақхана жанып кетті

Иллюстрияциялық фото: Ғаламтордағы ашық дереккөзден

ERNUR.KZ Қызметкерлерге пана болған жатақхана аудан орталығы Шолаққорғаннан 400 шақырым қашықтықта орналасқан. Аталған серіктестіктің жұмысшылары өртті өз күштерімен ауыздықтаған деп жазады otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Тілсіз жау таңғы сағат 5:30-да шыққан. Таңғы асты дайындауға келген асхана қызметкерлерінің айқайынан жұмысшылар сыртқа шығып үлгерген. Асхана маңынанан тұтанған өрт аз ғана уақыт аралығында контейнерлерді шарпып үлгерген.

Қызметкерлер бір-біре қол ұшын созып, көмектесіп сыртқа шығып үлгерген. Өртті естіген бойда сыртқа жапа-тармағай шыға жөнелген жұмысшылардың сырт киімі іште қалып қойған. Жеңіл киіммен жаурап қалған жұмыскерлер жақын маңда орналасқан жатақханаға жеткізілген. Жұмысшылар 15 күндік вахталық әдіспен жұмыс істеуге келгендер.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Созақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бекзат Мұхановтың айтуынша өрттің дәл неден шыққаны белгісіз. Қазіргі таңда өрттің себеп-салдары анықталу үстінде.