​Таразда автобус аударылып қалды

0
1 569

Таразда қалалық қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​Таразда автобус аударылып қалды

Таразда қалалық қоғамдық көлік жол апатына ұшырады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға орнындағы фотосуреттер әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда Төле би даңғылы мен Мечников көшесінің қиылысында, «Орталық мешіт» аялдамасының маңында аударылған автобустың жатқанын көруге болады. Бұл №16 бағдардың автобусы болып шықты. Бастапқы нұсқа бойынша, жүргізуші тізгінге ие бола алмай, қатты жылдамдықпен келе жатып көлікті аударып алған.

Жамбыл облыстық ТЖД бөлім бастығы Дәулет Ахметбековтің айтуынша, жол апатынан ешкім зардап шекпеген. «Жедел жәрдем шақырылды, бірақ ешкім зардап шекпегендіктен олар қайтып кетті», - деді ол.

Жамбыл облыстық ІІД жол апатына қатымты қосымша ақпараттарды кейінірек жариялайтындықтарын мәлім етті.