​Тәуелсіздік - жауһар жырдың алтын арқауы

0
1 257

Дүлділдер додасына жалпы саны 10 үміткер қатысты.


​Тәуелсіздік - жауһар жырдың алтын арқауы

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында «Тәуелсіздіктің ақ таңы» атты жас ақындар айтысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Тәуелсіздік мерекесі Түркістан облысында ауқымды түрде атап өтілуде. Мерекеге орай «Тәуелсіздік - жауһар жырдың алтын арқауы» тақырыбымен Түркістан жастары Ел егемендігін осылайша жырға қосты. Дүлділдер додасына жалпы саны 10 үміткер қатысты.

Айтыстың мақсаты - Тәуелсіздіктің құндылықтарын насихаттау болып отыр. Ел егемендігі жолындағы Елбасының игі істерін дәріптеу, жаңа есімдерді жарыққа шығару.

Айта кету керек, Түркістан төрінде жыл сайын өтетін жыр додасының биыл ауқымы кеңейген. Себебі өскелең ұрпақтың төл өнерге деген қызығушылықтары ерекше.

Аймақтық айтыста бақтарын сынауға 10 жүйрік келді. Солардың бірі Ерасыл Жақсыбек. Қазығұрт ауданының тумасы бүгінгі сөз сайысынан «бас жүлдені емес, халықтың батасын алсам» деп отыр.

Суырып салма өнерімен, қызыл тілмен сөз көсеген жеңімпазды арнайы жүлде күтіп тұр. Сонымен қатар алдағы уақытта Республикалық айтысқа жолдама алып, Түркістан облысының намысын қорғайтын болады.